Еспаева кәсіпкерлердің тапсырыс алуын жеңілдетпек
Президенттікке кандидат Дәния Еспаева Елордадағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан әскери техника жасайтын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.
Автор: Әсел Тұмашқызы
20.05.2019
Еспаева Қазақстанда жасалған өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс дейді. Сонда ғана тауар әлемдік нарықта сұранысқа ие болады. Оған қоса, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керектігін айтты.
Дәния Еспаева, Президенттігіне үміткер:
- Зауытқа тапсырысты қорғаныс министрлігі береді. Бір жылға тапсырыс алады. Дұрыс жұмыс істеу үшін 3-5 жылға тапсырыс алу керек. Бұл біріншіден. Екіншіден несие жағынан. Қазіргі кезде бұл зауыт 16 пайызбен несие алып отыр екен. Мұндай өндіріс шығаратын зауыттарға несиенің мөлшерін төмендету керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!