Тоқаев жұртты баспанамен қамтуға ерекше көңіл бөлмек
Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының өкілдері Ақтөбеге келді. Бүгін мұнда бірнеше кәсіпорын жұмысшылары және жастармен жүздескен үгітшілер тобы кандидаттың бағдарламасын түсіндірді.
Автор: Досжан Маратұлы
20.05.2019
Тоқаевтың бағдарламасында жұртты баспанамен қамтуға ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, 2025 жылға дейін 2 миллионнан астам азамат жаңа пәтермен қамтылады. Бұған қоса, ұстаздар мен дәрігерлерге қолжетімді баспана алуына мүмкіндік беретін бағдарлама жүзеге асырылады. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елді-мекендерге су және интернет желілері тартылып, жолдар жөнделмек.
Мәулен Әшімбаев, Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы:
- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуге басымдық беруде. Осыған байланысты арнайы мемлекеттік бағдарламалар, облыстық бағдарламалар жұмыс істейтін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!