Бақылаушылар іске кірісті
ТМД миссиясы елдегі президент сайлауын қадағалауға кірісіп кетті. Құрамына 11 ел кіретін осы халықаралық ұйымнан 300 бақылаушы қатысқалы отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
20.05.2019
Қазірдің өзінде ТМД миссиясының штабы құрылып, оның функционалдық міндеттемелерін орындауға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТМД атқарушы комитеті еліміздегі саяси науқанды бақылау үшін құрамына кіретін елдердің ішінде Украинадан басқасының бәріне шақыру жіберіпті. ТМД атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский кейде ОБСЕ бақылаушыларының мәліметтерімен сәйкеспей қалатын жайттарға қатысты да пікірін білдірді.
Виктор Гуминский, ТМД атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары:
- Біздің ұстаным мынадай: не көрсек, соны жазамыз. Біз бір жерде біреу бірдеңе айтыпты дегенді емес, көргенімізді ғана айтамыз. Кей деректер нақты мәлімет емес, болжамды сөздерден тұрады. Ал біз ондай бұлыңғыр мәліметтермен жұмыс істемейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!