{metadescription}
«Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алғандар тығырыққа тірелді
«Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алғандар тығырыққа тірелді

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алғандар тығырыққа тірелді

Алматыда 72 отбасы әрең қолы жеткен баспанамыздан айырылып қаламыз ба деп қауіптенеді. Даулы істің кесірінен тағы 72 отбасы пәтеріне көшіп келер-келмесін білмей отыр. Тұрғындардың айтуынша, олардың көпшілігі «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспана алған. Алайда арада жыл өтпей көпқабатты үйлер тұрғызылған жердің қолдануға тыйым салынғаны анықталыпты.

Басым көпшілігіне «7-20-25» және «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана бұйырған 72 отбасы өткен жылы қоныс тойын тойлапты. Алайда көп ұзамай көпқабатты үй тұрғызылған жерге қатысты заңсыздық анықталып, даулы іс сотқа жеткен. 

Дәния Ысқақова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Құрылыс компаниясы үйіміздің тұрған жерін сотқа беріп, бәрімізді қайта-қайта сотқа шақырып жатыр. Бұл үйден бізді қуып шықпақ. Үйімізді сатып алған ақшамызды қайтарып бермейміз дейді. Сонда біз далада қаламыз ғой.

Жоспар бойынша бұл жерде 3 көпқабатты үй тұрғызылуы тиіс. Тұрғындары əрі-сəрі күй кешкен былтыр қолданысқа берілген үйден бөлек екінші ғимараттың да құрылысы аяқталыпты. Алайда, аяқ асты туындаған жер дауынан соң иелері баспаналарына көшіп келер-келмесін білмей отыр.

Бағдат Қаленов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Биыл кілтті алып, жөндеу жасап жатырмыз. Банкке кепіл қойдым, 4 миллионға. Осы 2-3 аптада жөндеу бітеді. Бүгін осындай жағдайды естіп қорқып жатырмыз.

Құрылыс компаниясындағылардың айтуынша, жер телімі екі жыл бұрын сатып алынған. Бірақ, Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорыны бұған дейінгі, яғни 2014 жылғы келісімді заңсыз деп, сотқа жүгінген көрінеді.

Саяуш Нұртазин, «ЖВК» ЖШС директоры:

- Біз сатып алдық. Ақысын төлеп, тіркеуден өткіздік. Келісім кезінде де үшінші тарап деген әңгіме болған жоқ. Құжат бойынша бәрі заңды. Шындығында, 2014 жылы не болғанын білмейміз. Біз 2017 жылы сатып алдық.

Арызданушылардың дерегінше, үлескерлер дауына іліккен аталмыш жер телімін 2008 жылдан бері қолдануға  тыйым салынған. Неге екені белгісіз, арада 6 жыл өткен соң меншік иесі телімді әуелі әлдекімге сыйлап, кейін сан рет сауда түсіпті.     

Максим Бакулов, «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС заң басқармасының басшысы:

- Қазір қандай себеппен бірнеше мәрте сатылғанын анықтап жатырмыз. 2014 жылы 1 аптаның ішінде жер телімінің 3 рет иесі ауысып, келісім жасалған. Осыдан күдік туындады. Ал оған қандай жағдайда бұғат салынғаны әлі түсінксіз. Бірақ тұрғындарға қарсы ешқандай шағымымыз жоқ.

Алайда баспанасыз қаламыз ба деп қауіптенгендердің қатары күн санап артып барады. Себебі, тұрғынүй кешеніндегі үшінші ғимараттың табаны қазылып, тіпті алғашқы пәтерлер сатылып үлгерген. Бірақ соттың сағыздай созылып, сан жыл сарсаңға салмасына кепілдік жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде