«Мейірім» фестивалі мәресіне жетті
Бұлақ көрсең көзін аш. Алматыда шығармашылыққа жаны құмар балаларға қанат бітірген «Мейірім» фестивалі мәресіне жетті. Дәстүрге айналған байқауды Тұңғыш Президент қоры мен Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор ұйымдастырды.
Автор: Мақсат Мәлік
21.05.2019
Гүлнар Ершиманова, ҚР Тұңғыш Президент қоры жобаларының аға үйлестірушісі:
- Тұңғыш Президент қоры шығармашылыққа икемі бар балалардың талантын ашуға бар күшін салып келеді. Жобаның басты мақсаты жеткіншектердің өз-өзіне деген сенімін ұлғайтуға көмектесу.
«Мейірім» балалар шығармашылығы байқауына 12 арнайы мектеп-интернат пен 2 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысқан. Олар наурыз айынан бері сахна шеберлігі, декоративтік-қолданбалы және бейнелеу өнерінен сынға түсті. Ұйымдастырушылар балалардың талантын шыңдап қана қоймай, әлеуметтік бейімділігін арттырамыз дейді.
Бақыт Оспанова, М. Оспанов атындағы қоғамдық қор президенті:
- Сахнаға шыққанда мен әртіс боламын деп ойлайды. Тамаша ән айтады, тамаша билейді. Домбыра тартады. Басқа да өнер көрсетеді. Сондықтан біз өте қуанып отырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!