Түгелдің жақтастары кітапханашылармен кездесті
Президенттікке кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Мәдениет және өнер қайраткерлері күніне орай Өскемендегі кітапхана ұжымымен және жергілікті халықпен жүздесті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.05.2019
Кандидаттың жақтастары алдымен сала мамандарын төл мерекесімен құттықтап, артынша жиналған жұртқа Сәдібек түгел жайлы мол мағлұмат беріп өтті. Тек содан кейін оның сайлау алды бағдарламасы бүге-шүгесіне дейін таныстырылды. Кандидат бұқараны ұлы дала мәдениетін жаңғырту мен ұлттық құндылықтарды ұлықтауда белсенді болуға шақырып отыр. Себебі мәдениет ең алдымен жәдігер деп санайды.
Жаңабай Әшім, зейнеткер:
- Сәдібек Түгел қазақтың ұлттық ойындарын ұйымдастырып, шетелге паш етіп жүр. Бүкіл Қазақстанымыздың әрбір қаласына көрсеткеніне куәмін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!