{metadescription}
Таспихов еңбеккерлердің құқығын қорғамақ
Таспихов еңбеккерлердің құқығын қорғамақ

Таспихов еңбеккерлердің құқығын қорғамақ

Салалық кәсіподақ ұйымдарының өзара ықпалдастығын арттырған жөн. Мұндай бақылау жұмысшыларға жүктелетін артық міндетті азайтады. Бүгін Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Ақтөбе қаласында салалық кәсіподақ ұйымының жетекшілерімен кездесті.

Қазір еліміздегі әрбір мекеме мен өндірісте кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Орталық кәсіподақтар, салалық және бастауыш ұйымдардың байланысы нығайса, жұмыс өне түспек. Кездесуде кәсіподақ федерациясы басымдық берген бағыттар талқыланды. Соның ең негізгісі - лайықты жалақы және жұмыс берушімен келісім-шартқа отыру. Осы талаптар тиянақты орындалса қарапайым еңбек адамының құқығы сақталады. Өндірісте істелген артық жұмысы үшін қосымша ақы тағайындау ойдағыдай реттеледі.

Сатыпалды Дәулеталин, ҚР  президенттігіне кандидат А. Таспиховтың республикалық қоғамдық штабының тең төрағасы: 

- Біздің кәсіподақтар федарциясымен байланыс негізгі мәселе. Осыны үйлестіру арқылы осы бастауыш ұйымда қалай жұмыс ұйымдастырылса, сонда ғана біздің әлеуметтік еңбек қатынастары дұрыс реттеліп, еңбек адамының құқығы мен мүддесі қорғалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде