Қосановтың жақтастары жұртты сайлауға қатысуға шақырды
Әміржан Қосановтың 100-ге жуық сенімді өкілі үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы халық көп жүретін жерлерді таңдаған жастар жұртты жаппай сайлауға қатысуға шақырды.
Автор: Аруна Ортай
21.05.2019
Қосановтың сайлауалды штабында арнайы өкілдерден бөлек белсенді жастар да бар. Олар кандидаттың бағдарламасындағы жас буынға арналған бөлімдерді қолдайды. Қазір негізгі бағыттар жазылған үнпарақтар тұрғындар арасында таратылып жатыр. Штаб өкілдері жұрт көбірек шоғырланған тұрғынүй кешендерінің аулаларын аралады.
Аршат Ораз, Ә. Қосановтың қалалық сайлауалды штабының жетекшісі:
- Бір аптаның ішінде қаланың біраз жерлерінде болып үлгердік. Үміткердің сайлауалды платформасын таныстырып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!