{metadescription}
Мәйітханалардағы хәл мүшкіл
Мәйітханалардағы хәл мүшкіл

Мәйітханалардағы хәл мүшкіл

Әсіресе, Алматыдағы сот-медициналық сараптама орталығы қазір адам шошырлық жағдайда. Мүрделерге сараптама жүргізетін мекеменің бүгінде тоз-тозы шыққан. Оның ғимаратының салынғанына сексен жылдан асыпты. Ал орталық қызметкерлерінің заманға сай жаңа орында зерттеу жүргізсек деген талай жылғы арманы орындалмай келеді.  

Бұл - Алматыдағы мәйітхананың бүгінгі көрінісі. Жалғыз сот-медициналық сараптама орталығы ғимаратының қазіргі санитарлық және материалдық жағдайы талапқа мүлдем сай емес. Сөгілген қабырға, шіріген еденнен мұндағылардың әбден құты қашқан.

Сот-медицина сарапшылары осылайша адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр. Сұрқы қашқан суық ғимаратта өзіңді жайсыз сезінесің. Ал иісі қолқаны жарады. Қызметкерлер өз қаражаттарына қабырғаны сылап-сипап қойған. Бірақ сексен жылдан аса уақыт бұрын салынған ғимараттың жөндеуге келмейтіні, жаңасын салу қажет екені байқалып-ақ тұр.

Әбдіманап Айдарқұлов, Қалалық сот-медициналық сараптама орталығының бөлім басшысы:

- Бұл ғимарат 30 жылдарда салынған. Аурухананың кір жуатын бөлімі болған. Негізі ғимарат заманға сай болуы керек қой.

Осылайша мәйітке тиесілі материалдар ескі ғимараттарда сақталады. Соның салдарынан бөлмелердің іші көгеріп, түрлі патогендік микрофлорамен ластанады. Бұл тергеу амалдарын жүргізуге кедергі келтіреді. Сот сараптамасының сапасына да әсер етеді. Оның үстіне мұнда маман тапшы.

Анатолий Васильев, Сот-медицина сарапшысы:

Бұл мекемеде барлығы талапқа сай болуы керек. Құрал-жабдықтарға бөлек бөлме беріліп, сарапшылар еркін жұмыс істей алуы қажет. Қазір аядай бөлмеде тығылысып зерттеу жүргіземіз. Өзім зейнеткермін. Жас мамандар мүлдем жоқ.

Бұл бір ғана Алматыдағы жағдай. Ал Елорда мен өңірлердегі орталықтарда жағдай тіптен мүшкіл. Мысалы, мынау - Тараздағы мәйітхана. Мұнда ғимараттың тарлығынан мүрде сақтайтын тоңазытқыштар сыртқа қойылған. Кейбір алыс аудандарда мәйітхана атымен жоқ. Тергеушілер мүрдені тексеру үшін жүздеген шақырым жердегі орталыққа жеткізеді. Ал Әділет министрлігінің өкілдері жағдайды түзеуге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Ермек Алтынбеков, Әділет министрлігі Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директорының міндетін атқарушы:

- Қазіргі уақытта Әділет министрлігі бір ғана Алматы емес, барлық өңірлердегі сот-медициналық сараптама орталықтарын жаңартып, талапқа сай жабдықтау үшін құрылыс жоспарын жасадық. Жаңа ғимаратты салуға орын белгілеу қажет. Ал оған лайықты жер табу біршама уақытты қажет етеді. Бұл үшін әкімдіктерге хат жолдадық. Жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәйітханалардың мүшкіл жайы туралы мәжілісте де айтылып жатыр. Ал бұған жауаптылар мәселенің шешімі қалай да табылатынына сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.