{metadescription}
«DeltaBank» салымшылары ақшаларын ала бастады
«DeltaBank» салымшылары ақшаларын ала бастады

«DeltaBank» салымшылары ақшаларын ала бастады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «DeltaBank» келісімінің қолданылу мерзімін тағы да алты айға ұзартты. Кепілдік қоры тек Алматы қаласында жұмыс істегендіктен, шалғайдағы тұрғындардың да қаражаттарын қайтарып алу үшін жағдай жасалынып отыр дейді. Енді банк салымшыларының биылғы 19 қарашаға дейін қаражаттарын алуына толық мүмкіндігі бар.

Майра Әбдіраманова, ҚДКБҚ әдістеме және талдау басқармасының басшысы:

- Банк агент арқылы төлеуді тағы да алты айға созуды көздеп отыр. Себебі банк агенті арқылы салым төлеуді жалғастырмаған болған жағдайда, салымшылар қорға тікелей өтініш білдіру арқылы ғана салымдарын ала алады. 

Сонымен қатар, қор қызметкерлерінің мәліметі бойынша банк салымшыларының 80 пайызының өтемақысы 5 мың теңгеден аспайды екен. Ал қазіргі уақытқа дейін жалпы салымшылардың тек, 10 пайызы ғана өздерінің қаражаттарын алыпты. Депозиттер бойынша ұлттық валютада 10 миллион теңгеге дейін беру қарастырылса, шетел валютасы үшін 5 миллион теңгеге дейін өтемақы төлей алады. «DeltaBank» 2017 жылдың 3 қарашасынан бастап барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.