{metadescription}
Премьер-министр балалардың жазғы демалысына көңіл бөлмеген әкімдерді сынға алды
Премьер-министр балалардың жазғы демалысына көңіл бөлмеген әкімдерді сынға алды

Премьер-министр балалардың жазғы демалысына көңіл бөлмеген әкімдерді сынға алды

Асқар Мәминге, әсіресе, Атырау және Түркістан облыстарындағы лагерлердің каникулға дайын болмағаны ұнамай отыр. Ал жазғы демалысқа шығатын оқушылар бос жатпайды. Лагерьде демалып қана қоймай, жұмыс істеп ақша табуына мүмкіндік бар.

Небары төрт күннен кейін оқушылардың асыға күткен жазғы каникулы басталады. Білім министрілігіндегілер үш айға созылатын демалыста ұл-қыздардың іші пыспайды деп отыр. Олардың айтуынша, оқушылар үшін мұражайға тегін экскурсиялар ұйымдастырылып, балалар жаппай лагерьлерге жіберілмек.

Күләш Шәмшидинова, Білім және ғылым министрі:

- 236 қала сыртындағы, 11 мыңға жуық мектеп жанындағы, 1750 шатырлы лагерьлерде балалардың 71%-ы демалады деп күтілуде. 960 мың бала жазда құрылыс отрядтарына, орман және көгалдандыру жұмыстарына тартылады.

Яғни ұл-қыздардың жұмыс істеп ақша табуына да мүмкіндік жасалмақ. Бірақ кей өңірлерде балалар жұмысқа тұрғанды қойып, лагерге бара алмай қалуы мүмкін. Өйткені ұл-қыздардың демалыс орындары әлі дайын емес. Әсіресе, премьер Атырау және Түркістан облыстарының әкімдеріне ескерту жасады.

Асқар Мәмин, Қазақстан Республикасының премьер-министрі:

- Бұл мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлмеген өңірлер де бар. Атырау және Түркістан облыстары осы бағытта нақты шараларды ұйымдастыру керек. Әкімдіктер кәсіпкерлер мен меценаттарды осы шараға белсене қатысуға шақыру керек. 

Үкімет басшысының қатқыл мәлімдемесі атыраулық шенеуніктерді қалың ұйқысынан оятқандай. Бүгін мұнайлы өлкенің атқамінерлері жеткіншектерді лагермен қамтуға дайынбыз деп ақталды. Тіпті, бұл үшін облыстық бюджеттен 300 миллионға жуық ақша бөлініп қойған.

Ләззат Төлепова, Атырау қалалық білім беру бөлімінің әдіскері:

- Жоспар бойынша 41 мектепте 1900 бала тамақтандыру лагерімен қамтылады. Және 49 мектепте тамақтандырусыз лагер ашылады. Оған 4.921 бала қамтылады деп күтілуде. Оған қоса, 50 мектепте тілдік, бейімдік лагерьлер ашылады деп  күтілуде.

Ел ішінде туристік мақсатта ұшатын 15 жасқа дейінгі ұл-қыздарға ұшақ билеті тегін болуы мүмкін. Бірақ бұл бастама әзірге қағаз жүзінде ғана.

Ал, ұл-қызын жазғы лагерге жіберу үшін ата-аналарға біраз шығындануға тура келеді. Өйткені, ең арзан демалыс орнында 10 күн өткізудің өзі 40 мың теңге. Жеке меншіктерде баға тіптен удай. Тек ата-анасынан айырылған балалар мен мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге мемлекеттік лагерде демалу тегін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде