{metadescription}

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан балалар қайырымдылық кешін өткізбек

Бұл жоба Ғылыми-медициналық қоғамның ұйымдастыруымен 4-ші рет өткізілгелі жатыр.

Алматы балалар педиатриясы және xирургиясы орталығында болатын қайырымдылық кешінде қатерлі ісікпен ауыратын бүлдіршіндер өнер көрсетеді. Олардың басты мақсаты - өздері секілді көмекке зәру балалардың еміне қаражат жинау. Ауыр дертпен алысқан олар бұл жолы Юлия Лебедеваның «По ту сторону Музыки» атты музыкалық ертегісін қояды. Шарадан жиналған қаражат аталған орталықтағы тез арада емделуді қажет ететін науқастардың еміне жұмсалады. Музыкалық қойылым 26 мамырда күндізгі сағат 3 пен кешкі 7-де Мұxтар Әуезов атындағы драма театрында көрсетіледі.

Нүрия Қожамұратова, қойылымның көркемдік жетекшісі: 

- Бізге балалар өте ауыр жағдайда келеді. Емделіп жүрген кезде көңіл-күйлері түсіп, тұйықталып кеткен болатын. Ал осы жоба қолға алынғалы белсене арласуда. Шығармашылық қырын ашып, өмірге деген құштарлықтары оянды. Оның үстіне өздері секілді көмекке мұқтаж жандарға пайдасын тигізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде