Түгел тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырды
Ел президенттігінен үміткер Сәдібек Түгел тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырды. Оған кандидаттың өзі де қатысып, жастарға үлгі көрсетті.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.05.2019
Тарихи тамыры тереңге бойлайтын қазақтың тоғызқұмалақ ойыны – ата-бабаларымыздың асыл мұрасы. Ол әлемдегі ең үздік зияткерлік ойындардың тізіміне енген. Ол зердені дамытып, жүйелі ойлауға жетелейді. Қазақстан Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел дәстүрімізді ұлықтай отыра, ұлттық ойындар да ұмыт қалмауы керектігін айтады. Сондықтан тоғызқұмалақты мектеп бағдарламасына қосуды ұсынып отыр.
Сәдібек Түгел, Президенттікке кандидат:
- Жалпыұлттық деңгейде тоғызқұмалақ кемшін түсіп жатыр. Оның ең біріншісі мектептегі бағдарламаға енбеген. Мектептің бағдарламасына кіргізіп, дене шынықтыру мұғалімдеріне осыны үйретуіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!