Ахметбеков несие алуды жеңілдетпек
Мүмкіндігі шектеулі жандар кәсіпкерлікпен айналысуы үшін несие алуға жеңілдік жасау керек. Қызылордада «Талсуат» оңалту орталығында болған президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің ұстанымы осындай.
Автор: Ербол Тұрымбет
22.05.2019
Сыр өңіріне келген Коммунистік партия кандидаты орталықты аралап, онда ем-дом қабылдап жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ахметбековтің айтуынша, елімізде мүгедек жандарды тиісті қаржымен қамтылған. Енді оларды кәсіпкерлікпен айналысуға да ынталандырып, ол үшін жеңілдетілген несие беру керек дейді.
Жамбыл Ахметбеков, Президенттікке кандидат:
- Мүгедектердің бизнеспен айналысуына жағдай жасалса екен. Яғни олардың кәсіпкерлікпен айналысу жайын қолға аламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!