Тоқаевтың жақтастары атыраулықтармен кездесті
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салады. Бүгін атыраулықтармен жүздескен үгітшілер тобы кандидаттың бағдарламасымен таныстырды.
Автор: Досжан Маратұлы
22.05.2019
Онда азаматтардың денсаулығы мен білім алуына көңіл бөлініп, жұрттың кәсіп ашуына мүмкіндік жасалатыны айтылған. Тоқаев сондай-ақ, ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысын арттырып, олардың жүктемесін азайтуды жоспарлап отыр. Сөйтіп, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын арттырмақшы.
Бақытгүл Хаменова, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық штабының мүшесі:
- Мен де анамын, мен де ұстазбын, мен де баламның тыныштықта өмір сүргенін қалаймын. Сондықтан да ағайын тыныштықтың, тұрақтылықтың, ертеңгі күннің даралық пен даналықтың кепілі Қасым-Жомарт Кемелұлын барлығымыз да қолдауға шақырамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!