{metadescription}

Кандидаттардың шотында қанша ақша бар?

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың есеп-шотында қанша ақша барын жария етті.

Оған сай, сайлау қорындағы ең көп қаржы Қасым-Жомарт Тоқаевта. 1 миллиард 24 миллион теңгенің 510 миллионы – «Нұр Отан» партиясы мен үміткердің жеке ақшасы. Ал 514 миллионды сайлаушылар жинап берген. Жамбыл Аметбековке 338 миллион теңге тиесілі. Оның 250 миллионы – коммунистік партия мен кандидаттың жеке қаржысы. Қалған 88 миллионды қолдаушылары жинаған. Ал Дәния Еспаеваның шотында 113 миллион теңге бар. Ол қаржының барлығын үміткерге сайлаушылар жинап берген. Амангелді Таспиховқа да 102 миллион теңгені қолдаушылары жинап беріпті. Ал Төлеутай Рахымбековтың шотына керісінше, сайлаушылардан ақша түспеген. 108 миллон теңгенің түгелі – партия мен кандидаттың өз ақшасы. Ал Әміржан Қосановтың қорында 76 миллион 600 мың теңге жиналған. Оның түгелі дерлік – өзінің немесе қоғамдық ұйымның ақшасы. Сайлаушылардан небары 643 мың теңге түскен. Ал ең аз ақша Сәдібек Түгелде. 76 миллионның 200 мың теңгесі үміткердің және оны ұсынған ұйымның ақшасы. Қалғанын сайлаушылар жинаған. Айта кетейік, бұл қаржыны сайлаушылар үгіт-насихат жұмыстарына жұмсап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде