Іле Алатауы ұлттық паркіне кіретін бекет автоматтандырылуда
Жаңа жүйеге сәйкес төлемдер «Оңай» картасы арқылы да жүзеге асырылмақ. Себебі, қоғамдық көлікке арналған карта осы уақытқа дейінгі тәжірибиеден сәтті өткен.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
22.05.2019
Сонымен қатар, киви терминалдары мен ұлттық парктің сайты арқылы да кіру ақысын төлеуге болады.
Қала тұрғындары мен сырттан келетін туристерге тиімді болу үшін іске қосылған пилоттық жүйе бір жарым айдан бері тексеруден өткізілуде. Егер барлығы сәтті болса, ондар еліміздің барлық аумағындағы барлық парктерге де орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, технологиясы толықтай автоматтандырылғанымен паркке кіру құны өзгермеген. Қазіргі таңда төлемдер адам басына ғана алынса, болашақта автокөліктерге де енгіземіз дейді мамандар.
Тілек Әділжанов, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы:
- Автокөліктерден зиян келтіретін қалдықтар бөлінеді. Соған байланысты экологиялық жүйе арқылы автотұрақ басына осы жүйені енгізейін деп отырмыз. Егер өзін ақтайтын болса, онда басқа барлық жерлерге осы жобаны енгіземіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!