{metadescription}

Тілсіз жау ғимараттың шаңырағын ортасына түсірді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Саумалкөл кентінде алапат өрт болды. Сауда орталығында тұтанған тілсіз жау ғимараттың шаңырағын ортасына түсірді. Болжам бойынша, апатқа электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Тұрғындар орталық базар атап кеткен сауда орнындағы өрт жұмыс уақытында тұтанған. Әйтеуір, 62 адам лезде сыртқа шығарылып, ешкім зардап шеккен жоқ. Жалынның әп сәтте жан-жаққа жайылып, бой бермей кетуіне ғимараттың тез тұтанғыш қаңылтырмен қапталуы себеп. Өрт сөндіруге бүкіл ауылдық округтен, тіпті Бурабайдан арнайы техникалар жұмылдыралған. Бәрі жабылып жүріп, тілсіз жауды 2 жарым сағатта әрең ауыздықтады. Қызыл жалын 1 мың шаршы метрден аса жерді шарпыған. 

Рамиль Камалов, СҚО бойынша ТЖД  бастығы:

- Өрт бірден жылдам жанып бой бермеді. Қиындық та содан болды. Құрылыс материалдары әсіресе, түрлі дезодоранттар, химиялық заттар ыстықтан жарылып, одан сайын өртті өршітті. Қазір оттың неден тұтанғанын тексеріп жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде