{metadescription}

Банктерге салынатын айыппұл көлемі депутаттардың таңданысын туғызды

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға қоныс аударады. Бұл туралы еліміздің бас банкирі Ерболат Досаев мәлімдеді. Ал Ұлттық банктің орнына Алматыда қаржы нарығын қадағалайтын жаңа агенттік құрылғалы жатыр. Сонымен бір жабылып енді қайтадан жаңаша түрде ашылғалы жатқан мекеменің құзыреті қандай болмақ?

Ерболат Досаев Ұлттық банкке бас қаладан ыңғайлы ғимарат іздеп жүр. Алайда, Алматыдан жаппай көшетін қаржыгерлерге Есілдің сол жағалауынан зәулім нысан әлі бұйырмапты. Бірақ қоныс аударудан бұрын бас банкир бірқатар құзыретінің  жаңа агенттікке берілетініне қуанып жүрген секілді. Агенттік соңғы уақытта қаптаған ломбардтар мен жалақыға дейін жылдық үстемақысы 900 пайызбен қарыз беретін қаржы ұйымдарын сабасына түсіруі тиіс. Ал тікелей Президентке бағынатын органға жыл сайын қазынадан 10 миллиард теңге бөлінеді.

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

- Қызметшілердің мәртебесі Ұлттық банктің қызметшілерінікіндей болады. Бұл жоғары білікті қызметшілерді қабылдау, еңбекақы төлеудің бәсекеге қабілеттігін белгілеуге мүмкіндік қамтамасыз етеді. Ұлттық банк пен жаңа агенттік қызметі тығыз үйлеседі.

Жаңа агенттіктің жұмысын жарнамалап болған соң бас банкирге жан-жақтан сұрақ жауды. Мәжілісмен Аманжан Жамалов валюталық заңнаманы екінші рет бұзған банктерге салынатын айыппұл көлеміне көңілі толмай қалды. Өйткені, аты дардай қаржы ұйымдары талапты қайтара бұзғаны үшін небәрі 38 мың теңге төлейді екен. Ерболат Досаев әкімшілік айыппұлды қаржыгерлер қауымдастығымен кеңесіп шештік деп  құтылуға тырысып еді, мәжіліс төрағасы әріптесін жақтай кетті.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-  15 айлық есептік көрсеткіш шамамен 38 мың теңге. Мұндай мардымсыз сома банк үшін ақша ма? Оның үстіне қаржы ұйымдары бір емес екінші рет заңды белшеден басса, неге біз оларға жұмсақтық танытумыз керек?

Қалай дегенмен, Нұрлан Нығматулин бас банкирге келесі оқылымға дейін заңды қатайтып, айыппұлды арттыруды тапсырды. Десек те, көп күмәнданған мәжілісмендер соңында қаржы нарығын реттейтін жаңа заң жобасын бірауыздан бекітіп берді.

Ал қаржы нарығын реттейді деп құрылып жатқан жаңа агенттік осыдан 15 жыл бұрын болған екен. Алайда, 2011 жылы аяқасты жабылып, Ұлттық банкке қосылған. Енді қайтадан өз алдына жеке отау болып шыққалы тұрған қаржы ұйымы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істемек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде