{metadescription}
Тұрғындар шенеуніктердің жауапсыздығынан артық ақша төлеуге мәжбүр
Тұрғындар шенеуніктердің жауапсыздығынан артық ақша төлеуге мәжбүр

Тұрғындар шенеуніктердің жауапсыздығынан артық ақша төлеуге мәжбүр

Депутаттар қаржы министрлігіне шүйлікті. Өйткені тұрғындар кіріс комитеті жіберген қателіктер үшін салықтан бөлек, мыңдаған өсімпұл төлеуге мәжбүр. Салық көлемін дұрыс көрсетпегені үшін өсімпұл көлемі 700 миллион теңгеге жеткен.

Сергей Симонов, Мәжіліс депутаты:

- Мәселен, өткен айда қарағандылық қарияның зейнетақысынан 22 жыл бұрын сатып жіберген машинасы үшін 46.267 теңге салық ұстап қалған. Ол аздай тағы 15.956 теңге өсімпұлы қалған. Мұндай жағдайлар өте көп. Сонда салықтық рақымшылық жариялау арқылы өздеріңіздің қателіктеріңізді жөндейін деп отырсыздар ғой.

Депутаттардың айтуынша, тіпті бизнеске қатысы жоқ адамдар табыс салығы мен қосымша құн салығын төлеуге міндеттелген. Қаржы министрлігі қателік кеткенін мойындап отыр. Оның себебін ақпараттық жүйенің біріктірілуімен түсіндірді. Енді бар кінә техникалық ақаудан деп ақталуға тырысқан министрлік өкілдері салыққа рақымшылық жарияламақ. Сөйтіп, негізгі берешекті өтегендердің өсімпұлын кешіруді көздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде