{metadescription}
Тоқаев Ақтөбені жағымсыз иістен тазартуды талап етті
Тоқаев Ақтөбені жағымсыз иістен тазартуды талап етті

Тоқаев Ақтөбені жағымсыз иістен тазартуды талап етті

Ақтөбеге арнайы сапармен барған президент аймақтағы шұрық-тесік жол мен жағымсыз иіске қатысты сын айтты. Жергілікті шенеуніктерге Тоқаев жаман иістен арылу үшін алдымен кәріз құбыры жүйесін жаңалауға тапсырма берді.

Ақтөбе облысындағы жолдардың жартысы талай жылдан бері жөндеу көрмеген. Әсіресе өндірістік аймақ саналатын Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарына көлікпен жету қиын. Сондықтан алдағы бес жыл ішінде аймақтағы жолдың бәрін тақтайдай тегіс етуге арнайы мемлекеттік бағдарламаға енгізіпті. Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде Ақтөбеге алғаш рет барып тұр. Ол дәрігерлердің конференциясына қатысып, денсаулық сақтау саласына қазынадан ақша аямайтынын айтты. Әйтсе де, әзірге отандық медицинаға қатысты тұрғындардан түсетін арыздардың азаймай отырғанын да жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Азаматтарымыздың тең жартысына жуығы отандық медицинаның сапасына әлі де көңілдері толмайды. Ана мен бала өлімі әлі азаймай тұр. Соған байланысты жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін ұлғайту міндетін қойдық.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде