{metadescription}

«Жаңа көзқарас» атты ерекше фотокөрме ашылды

Ерекшелігі сол, суреттерді церебралдық сал ауруына шалдыққан балалар түсірген. Шара тұңғыш Президент қорының мұрындық болуымен осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отыр. 

Нұрқанат Теңел, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Жүгіріп жүргендерді, қалай спортпен айналысатындарды түсірдік. Онда жарыс болып жатыр екен. Жарысты түсірдік.

Көрмеде Нұр-Сұлтан, Шымкент және Теміртау қалаларындағы арнайы сыныптарында оқитын 20 баланың 40-тан астам жұмысы қойылған. Бұл туындылар француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің шеберлік сабағы кезінде түсірілген. Ол бір жарым ай бойы ұл-қыздарға фотоөнердің қыр-сырын үйретіпті.

Ұйымдастырушылар балаларды шабыттандырып, олардың өмірге деген құштарлығын ояту үшін еліміздің үш бірдей қаласында экскурсия өткізген. Балалар өрт сөндіру мекемесі, спорт мектептерінде қонақта болып, қиялындағы бейнені объективке алған. Ал фотоапаратты балаларға Тұңғыш президент қоры тарту етті.

Эрик Ваззолер, француз суретшісі:

- Мен 30 жылдық тәжірибемде мұндай балалармен көп жыл жұмыс істедім. Сіздің елден бөлек, Франция, Германия мен Польшада шеберлік сабағым өтті. Ал Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерді қамқорлыққа алуы мені қуантып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде