Таспихов еңбек қауіпсіздігіне мән бермек
Президенттікке кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері бір мезетте Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жұртымен жүздесті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
23.05.2019
Олар жергілікті жұртқа Таспиховтың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Онда өндіріс ошақтарындағы еңбек қауіпсізгіне және жалақыны уақытылы алу жайына аса мән берілген. Ал кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан адамдар опат болып жатады. Мәселен бір ғана Батыс Қазақстанның өзінде бір жылда 90-нан астам жазатайым оқиға тіркеліп, 6 адам ажал құшқан.
Бауыржан Атауов, БҚО кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары:
- Жұмыс берушілерге талап қою мәселесі осы кандидаттың бағдарламасында бірінші кезекте тұрған мәселе. Осының барлығы осы бағдарламаға кірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!