Рақымбеков ауыл жастарына көмектеспек
Жаппай урбанизацияны тоқтату үшін ауыл жастарын қолдау қажет. Оларға білім беру, баспана және жұмыспен қамту ісі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтің жақтастары оның бағдарламасын Алматы облысында таныстырды.
Автор: Әсем Қабылбек
23.05.2019
Жергілікті жастар кандидатты қолдау мақсатында «Қара жорғаға» биледі. «Ауыл» партиясы атынан саяси додаға қатысатын Төлеутай Рақымбеков жастардың келешегіне алаңдайды. Себебі, шалғайдағы елді мекендер қаңыраған күйі қалып жатыр. Жаһандану заманында жас толқынның жат мәдениетке жұтылмауы үшін мемлекет жағдай жасауы тиіс. Күнелту үшін ауыл жастары қалаға ағылуда.
Ерназар Айтқалиұлы, Талдықорған қаласының тұрғыны:
- Қазір ауылдан жұрт бекер көшіп жатқан жоқ. Өйкені ауылда жұмыс жоқ. Осыған кандидатымыз қатты көңіл бөліп жатыр. Енді бұл кісіні қолдауымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!