{metadescription}

Әміржан Қосанов Қостанай өңірінде жүр

Президентттікке кандидат Әміржан Қосанов Қостанай өңірінде жүр. Ол әуелі қала тұрғындарымен, кейін облыс орталығына жақын маңдағы Заречный елді мекенінің жұртымен кездесті.

Бұл - Әміржан Қосанов ат басын тіреген төртінші аймақ. Бұған дейін Қарағанды облысы және Петропавл, Алматы қалаларында болған еді. Қостанай облысындағы жиында ол сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағытын түсіндірді. Әміржан Қосанов «Президент болсам Ресеймен шекаралас аудандардағы ахуалды басты назарда ұстаймын» дейді.

Әміржан Қосанов, Президенттікке кандидат:

- Солтүстік өңірде ұлттық құндылықтар, қазақ тілі туралы мәселелер белгілі бір дәрежеде дұрыс қабылданып жатқан жоқ. Бұл жаққа барудың қажеті жоқ деген әңгіме бар. Біз, керісінше, сол ағайындарға келіп олардың ішінде ана тілін білмейтін қазақтар да бар, оның ішінде басқа ұлт өкілдері бар, сол құндылықтарды айтып, сол тілде жеткізіп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде