{metadescription}
Ақтөбе іргесіндегі тұрғындар өз баспаналарына қоныстана алмай отыр
Ақтөбе іргесіндегі тұрғындар өз баспаналарына қоныстана алмай отыр

Ақтөбе іргесіндегі тұрғындар өз баспаналарына қоныстана алмай отыр

Себебі, мұнда күн көру үшін ішер судан бастап, жарық пен жылу да жоқ. Ал әкімдіктегілер жер бөлген кезде коммуникацияны қатырамыз деп уәде берген. Оған сенген жұрт қазір сенделіп жүрміз дейді.

Ақтөбенің шетіндегі жаңадан құрылған «Рауан-2» ауылынан төрт жүзден астам адамға жер телімі берілген. Оның жартысынан көбі үйлерін тұрғызып та қойды. Бірақ баспаналарына әлі қоныстана алмай жүр. Өйткені ішер су жоқ. Мұнда жарық пен газ да тартылмаған. Сондықтан өз үйлері бола тұра тұрғындар пәтер жалдауға мәжбүр.

Алмагүл Әлішова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Жағдайымыз қиын. Мына үйдің коммуникациясы болмағандықтан тұру мүмкін емес. Су жоқ, газ жоқ. Салған уақытта да суды сатып алып отырдық. Оның бәрі ақша.

Тұрғындар көшіп келмеген соң үйлердің есік-терезесін бітеп қойған. Мұндай иесіз үйге ұры-қары үйір. Талай құрылыс материалдары қолды болған. Сондықтан бар ақшасына тұрғызған үйін үптеп кетпес үшін, амалсыз көшіп келгендер де бар.

Қазына Тоғызбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Ауылдан қалаға келіп тұрмысымыз жақсара ма десек. Өмірі көрмеген қиыншылығымыз бұл. Тұрмайын десең тонап кетеді. Осы елу шақты ұрлық болды. Әкеліп қойған заттарымызды бір күнде ұрлап кетті.

Әкімдіктегілер «Рауан-2» ауылына инженерлік жүйені жүргізуге асығар емес. Сондай-ақ жер телімі берілмей тұрып, коммуникацияны неге реттемегендерін түсіндіріп бере алмай отыр.

Жандос Өтеулин, Ақтөбе қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Биыл құрылыс-монтаж жұмыстары жүреді деп айта алмаймын. Қазір жобада жоқ. Жобаға ақша сұрап отырмыз.

Қазір «Рауан-2» ауылынан өзге Ақтөбе іргесінде инженерлік жүйесі жүргізілмей, жарық пен судың тартылуын күтіп отырған екі-үш жаңа ықшамаудан бар. Ондағылар да бірнеше жылдан бері жаңадан тұрғызған үйлеріне қоныстана алмай отыр. Егер мәслихат ауыл арасындағы коммуникацияның құжаты үшін ақша бөлдірмесе, шенеуніктер түк істей алмайтын болып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.