{metadescription}
Теректен ұшқан ақ мамық аллергиямен ауыратын адамдарды әбігерге салып жатыр
Теректен ұшқан ақ мамық аллергиямен ауыратын адамдарды әбігерге салып жатыр

Теректен ұшқан ақ мамық аллергиямен ауыратын адамдарды әбігерге салып жатыр

Алматыда сәуір айынан бері жүйкесін шымырлатқан дерттің дауасын табу үшін, екі мыңнан астам адам арнайы емдеу орталығына тіркелген. Осы кезде медициналық бетперде тағып, түрлі дәрілерді қабылдай бастайтын тұрғындар қатты қиналатынын айтады. 

Сәуле Сұлтанованың аллергиямен арпалысқанына төрт жылдан астам уақыт өтіпті. Көктем мезгілінде көкке шығу былай тұрсын, қаланың өсімдіктері де еркін тыныс алуына мүмкіндік бермейді екен. Осы уақытқа дейін түрлі дәрі-дәрімектерді пайдаланып келсе де оң нәтиже бермегендіктен, енді толықтай мединицалық тексерістен өтуге шешім қабылдаған.

Сәуле Сұлтанова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Гүлдің иісіне  аллергиям бар. Өзінен өзі басталды. Басында жақсы болдық құр тамшы сеуіп жүрдім.

Биолог мамандардың сөзіне сүйенсек, елімізде теректердің жеті түрі кездеседі екен. Олардың барлығы көбею үшін сәуір мен мамырда мамықтарын шашады. Ағаштардың осы ұрығы аллергиямен ауыратын жандарға кесірін тигізіп, мазасын қашыруда. Талай адамның денесін тітіркендіріп, еркін тыныстауына қиындық туғызған дерттен құтылудың жолы да бар.

Сергей Чекалин, Ботаника және фитоинтродукция институтының зертхана меңгерушісі:

- Қазақстанда мамық шашпайтын теректің сұрпын ойлап шығарған. Олардың барлығы аталықтар. Сондықтан да ешқандай мамықтарын шашпайды. Дәл қазіргі уақытта биік болып өскен теректерді кесуге болмайды. Болашақта, қалада ағаштың бұл түрінен аллергия туындамайды деп ойлаймын.

Елімізде 2014 жылы 8000-нан астам адам аллергиямен ауырса, өткен жылы бұл көрсеткіш 17000-нан асып жығылған. Жыл өткен сайын еркін тыныстауы қиындап бара жатқан жандардың тым көбеюіне мамандар алаңдап отыр. Сондай-ақ, кейбір тұрғындардың көктем мезгілінде мазасы қасша, аллергияның түріне байланысты кейбірі жыл бойына беймаза күйде жүреді екен. Сондықтан дәрігерлер, мұндай жағдайда ең бірінші үйден ем қабылдамай, мамандарға көрінуге кеңес береді.     

Таир Нұрпейісов, Республикалық аллергология орталығының меңгерушісі:

- Дұрыс емес ем қабылдаған жағдайда немесе емді мүлде қабылдамаған кезде аллергиялық ринит, бронхалы астмаға айналып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайлар өте көп кездеседі. Ал, бұл дегеніңіз өте қауіпті дерт. Себебі, кей кездері мүгедектікке де әкеліп соғады.  

Көптеген тұрғындар аллергиядан сақтану үшін медициналық бетперделерді пайдаланады. Алайда мамандар мұндай әдіс тек дерттің бір бөлігінен ғана құтқара алады дейді. 08:27 Сондықтан бұл аурудан аман болу үшін арнайы тазалағыш спрейлерді пайдалануға кеңес беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде