{metadescription}
Еуразиялық медиа форум: Саясаттан бастап экономикалық дағдарысқа дейін сөз болды
Еуразиялық медиа форум: Саясаттан бастап экономикалық дағдарысқа дейін сөз болды

Еуразиялық медиа форум: Саясаттан бастап экономикалық дағдарысқа дейін сөз болды

Жаһандық дағдарыс жағдайында қандай мүмкіндіктер пайда болады? Тұтыну дағдарысынан қалай құтыламыз? Алматыда Еуразиялық медиа форумда бас қосқан әлемнің маңдайалды мамандары кешеден бері түрлі тақырыпты қозғап, мәселенің түйінін талқылап жатыр. Ал ашық диалог алаңына әлемнің 60-қа жуық елінен делегеттар келген.

Дәстүрлі Еуразиялық медиа форумның тақырыбы қай кезде де өте ауқымды. Әлемнің алпысқа жуық мемлекетінен келген 500-ден астам өкіл төрткүл дүниені толғандырған мәселелерді талқылап, жаһандық дағдарыс кезінде қандай мүмкіндіктер бар екенін сөз етті. Себебі, шынайы пікірталас алаңы жаңа іскерлік әлемге жол ашады. 

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Еуразиялық медиа форумда саяси, экономикалық, қаржылық және геоэкономикалық мәселелер талқыға түседі. Сол себепті бұл басқасуға «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысуы өте маңызды қадам саналады. Қазір біз мемлекеттік органдармен Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық қаржылық медиа хабын құру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз.

Томас Хендрик Ильвес, Эстонияның экс-президенті:

Форумда айтылған идеялар өте қызықты. Жаһандану үрдісі туралы көптеген мәселеге әртүрлі қырынан қарап жатқандар бар. Тіпті осы уақытқа дейін айтылып келген пікірлер кезіксе де, көңілге тоқып алатын  жайттар көп.

Бұдан өзге делегаттар әлеуметтік желіні шарлаған дәйексіз ақпараттың журналистикаға кері әсерін, еңбек адамының жасанды интеллектпен тайталасын сөз етті. Тіпті, тұтыну дағдарысы кезіндегі энергетикалық ресурстардың азаюы, азық-түлік тапшылығы назарға ілігіп, осы мәселені шешудегі кейбір елдердің тәжірибесіне тоқталды.   

Джеймс Вулси, Орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысы: (1993-1995)

- Энергия және азық-түлік өндіруде Қазақстанның әлеуеті жоғары. Мұнда газ бен мұнайдың көп қоры бар. Соңғы 10-15 жылда энергия өндіруден үлкен табысқа жеттіңіздер.

Үш күнге жоспарланған халықаралық деңгейдегі ашық диалог алаңы ертең түрлі тақырып төңірегінде тіптен қыза түспек. Айта кетейік, осымен 16-шы рет өтіп отырған Еуразиялық медиа форумның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде