Сайлау туралы сауалнама жүргізгендер жауапқа тартылды
Бас прокуратура сайлау қарсаңында президенттікке кандидаттар арасында сауалнама жүргізген тағы екі адамды жауапқа тартты. Оларға әкімшілік жаза қолданылған.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.05.2019
Мысалы, ғаламторда сайлау бойынша қоғамның пікірін білген Алматы қаласының тұрғынына 37 мың 875 теңге айыппұл салыныпты. Тағы бір Алматы облысының тұрғынына да сондай жаза қолданылған. Бұған дейін бір ақпараттық сайт та жауапкершілікке тартылыпты. Жалпы, заң бойынша сайлауға қатысты қоғамның пікірін жинау ісі елімізде тіркелген, 5 жыл тәжірибесі бар статистика жүргізетін заңды тұлғаларға ғана рұқсат етілген. Ал жекелеген адамдар үшін мұндай жағдайда 75 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Сондықтан Бас прокуратура жұртты заң талаптарын сақтауға шақырып отыр.
ҚР Бас прокуратурасы:
- Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңдылықты сақтау қажеттілігін және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!