{metadescription}
Сириядан оралған төрт ақтөбелік қамауға алынды
Сириядан оралған төрт ақтөбелік қамауға алынды

Сириядан оралған төрт ақтөбелік қамауға алынды

Ақтөбеде Сириядан оралған үш еркек пен бір әйелді қамауға алуға сот санкция берді. Олар лаңкестік топтың құрамында болып, терроризмді насихаттаған және діни алауыздық тудырғаны үшін айыпталып отыр.

Қамауға алынғандардың төртеуі де – Ақтөбе облысының тұрғындары. Оларды жақында қауіпсіздік комитетіндегілер «Жусан-2» арнайы операциясы кезінде елге жеткізген еді. Бірақ мұнда оралғалы күдіктілердің ешбірі туған-туыстарымен кездеспеген, бірден тергеуге алып кеткен. Олардың Сирияға қашан, кіммен кеткені әзірге белгісіз.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Террористік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын терроризм актілеріне қатысқан деп күдіктелген Алмағамбетова, Төреханов, Қуанов және Сәбитұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.