Қылмыстық топ құрған бұрынғы күштік құрылым шенділеріне үкім шықты
Олар ұйымдасып адам ұрлау, тонау, заңсыз қару-жарақ сақтау, қолдану және билік өкілдерінің жалған дәрежесін иемдену сынды қылмыстармен айналысқан.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.05.2019
«Әлиевшілер» деген атпен танымал ұйымдасқан қылмыстық топ былтыр 13-ші қыркүйекте Отар станциясында бір кәсіпкерге шабуыл жасайды. Сөйтіп, оның 107 мың доллар, 4 миллион рублі мен 23 мың еуросын тартып алған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «әлиевшілерді» былтыр оныншы қазанда ұстап, олардан 8 тапанша мен басқа да қару түрлерін, 140 оқ-дәрі, жасанды көлік нөмірлері, бетперде, кісен және әр түрлі қарақшылық шабуылға қажетті заттарды тәркілеген. Енді сол топтың басшысы Қадыр Әлиев пен мүшелері Аңсар Дартаев, Дмитрий Терешин және Ерсін Жұмабаев 7 жыл бір айға бас бостандықтарынан айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!