Атырауда колледж студенттері уланып ауруханаға түсті
Оларға да әзірге «газдан уланған болуы мүмкін» деген диагноз қойылған. Студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 12 арнайы көлік келіпті.
23.05.2019
- Иіс жаман болды. Сосын бәрімізді далаға шығарып жіберді. Ауа жетпей талып қалдық.
Сервис колледжі басшылығының айтуынша, оқиға болған кезде ғимаратта 400-ден астам адам болған. Олар дәлізден газдың иісін сезген. Іле-шала бастары айналған соң, далаға шығарылыпты. Уланғандардың жалпы саны - 20. Олардың біреуі жұқпалы аурулар, ал өзгелері Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары жаман емес. Тиісті ем-шара жасалып жатыр. Тіпті алды үйлеріне жіберіле бастапты. Ал полицейлер кішкентай газ баллонын қолданған 17 жастағы студентті ұстады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!