{metadescription}

Дәстүрлі журналистика мен блогерлердің текетіресі қандай жағдайға душар етуі мүмкін?

Алматыда үш күнге созылған Еуразиялық медиа форум аяқталды. 16-шы мәрте ұйымдастырылған жиынның соңғы күнінде әсіресе блогерлер тақырыбы қызу пікір таласқа толы болды. Дәстүрлі журналистика мен блогосфераның текетіресі қандай жағдайға душар етуі мүмкін?

Еуразиялық медиа форумның соңғы күні халықаралық аренада дау-дамайды күш қолданбай, бейбіт түрде шешу мәселесін талқылаумен басталды. Құлдыраған ойын ережесін өзгертіп, жаңа кеңістік қалыптастыру кезек күттірмейтін жағдай. Себебі, мүдделер қақтығысында қарапайым халық зардап шегетіні ақиқат.  

Стивен Бэннон, Ақ үйдің аға кеңесшісі және бас стратегі:

- Көріп отырғандарSAңыздай, бірқатар Еуропа елдерінде жұмысшы топ элита мен қарапайым халық арасындағы айырмашылыққа қарсылық білдіріп, құқықтарын талап етуде. Мұндай мәселенгі халық өз қолымен шешуге тырысып жатыр. Яғни, қарапайым адам экономикалық тұрғыдан тәуелсіз болғанда  бостандықтың дәмін татады.

Қазір ақпарат алапат қаруға айналған заман. Алайда, ғаламтор, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы ақпарат ұсынған блогерлердің дәурені жүріп тұр. Бірақ, тұтынушы дәстүрлі журналистика және блогосфераның қайсына сенуі тиіс. Сан сұрақ төңірегінде сарапшылардың айтары әр қилы.  

Луис Мигел Лопес, EECJS мәліметтерді басқару стратегиясы жөніндегі халықаралық команда мүшесі:

- Уақыт санап дәстүрлі журналистиканың дәурені өтіп барады. Оның ішінде телевизия, радио және баспасөз бар. Сондықтан әлеуметтік желімен бірігіп әрекет еткен жөн. Ал, кәсіби журналистика неге заман көшіне ілесу керек деген сұраққа халық нақты ақпаратпен қамтамасыз етілу керек деп жауап берер едім.

Блогерлер тақырыбы модератор Максим Шевченко мен спикер Дмитрий Гордон арасындағы кейбір пікір қайшылығымен ерекшеленді. Алайда, аузы дуалы сарапшылар форумның ақиқатты ашып көрсетуге тамаша мүмкіндік беретінін мойындады.

Максим Шевченко, журналист:

- Еуразиялық медиа форум күрделі сұрақтарды талқылайтын алаң екенін көрсетіп отыр. Мәселен, Дмитрий екеуіміз Еуропа немесе Қазақстаннан басқа жерде кезіге алмаймыз. Сондықтан Қазақстанға көп рахмет. Осындай мүмкіндік туғызған Нұрсұлтан Әбішұлына, Дариға Нұрсұлтанқызына алғысым шексіз.

Роман Слюсарчук, журналист: (Украина)

- Қазақ әріптестермен араласқанда, журналистердің үнемі билік кедергі жасайды деп, көңілі толмайтынын естимін. Бірақ, оларға ұлы адамның жетекшілігіндегі мемлекетте өмір сүретіндеріңді түсінбейсіңдер деп айтамын.

Үш күнге созылған Еуразиялық медиа форумға 43 елден 920 қонақ қатысты. Ашық диалог алаңы осымен 16-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде