Сәдібек Түгел қарттар үйінде болды
Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел қарттар үйінде болып, мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Оларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сауалдарына жауап берді.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.05.2019
Үміткердің ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұлағатты ұрпақ тәрбиесіне ден қою қажет деген бастамасын қариялар құптап отыр. Қазақ қоғамында жалғызбасты қария, қараусыз қалған қарт деген ұғым мүлдем болмаған. Ал бүгін «Әркімнің ата-анасы – әулиесі» деген халық нақылының мағынасын жете түсінбейтін буын өсіп келеді, дейді Сәдібек Түгел.
Сәдібек Түгел, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Біздің қарттарымыздың осындай үйлерді жағалауы ол дұрыс нәрсе емес. Ол біздің мың жылдық тарихы бар қазағымыздың болмысына, салт-дәстүріне жат нәрсе. Жүрегің ауырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!