Таспихов өндірістік кеңес құруды ұсынды
Ел Президенттігінен үміткер Амангелді Таспихов, еңбеккерлердің құқығынын қорғау үшін әрбір кәсіпорында өндірістік кеңес құруды ұсынды.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.05.2019
Қазір еліміз бойынша жалпы мекемелердің жартысында ғана ұжымдық келісім бар. Сондықтан еңбек дауы азаймай тұр. Әсіресе әлеуметтік сала мамандарының мәртебесін көтеру қажет. Тіпті мұғалімдер міндетті медииналық тексеруден өту үшін өз қаражатын жұмсайды. Осы мәселеге байланысты Амангелді Таспихов үкімет пен мәжіліске өз үндеуін жолдапты.
Аманкелді Таспихов, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Сөзге келгенде ылғи мұғалімдердің мәртебесі дейміз. Олар туралы заң шығарамыз дейміз. Іс жүзінде тіпті заңда мемлекеттің тарапынан көрестілетін көмектің өзін көрсетпей отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!