Дәния Еспаева зауыт жұмысшыларымен кездесті
Президенттікке кандидат Дәния Еспаева бағдарламасын Ақмола облысының орталығындағы ауылшаруашылығы техникаларын шығаратын зауытта таныстырды. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде отандық өндіріс ошақтарын қолдау туралы сөз қозғап, олардың пайдасы орасан зор екендігін алға тартты.
24.05.2019
2016 жылы ашылған зауыт тауарға салынатын өзіндік құн салығынан босатылған. Былтыр 3 жарым млрд теңгеге мыңға жуық ауылшаруашылық техникасын шығарған өндіріс орны, енді 5 мың бірлікке дейін жеткізуді көздеп отыр. Ал, отандық өнімдердің көптеп шығарылуы фермерлер үшін тиімді болатындығын жеткізді.
Дәния Еспаева, Президенттікке кандидат:
- Ауылшаруашылығында істеп жүрген адамдарға бағасы төмендеген ауылшаруашылық техникаларын сатуға болады. Ол техниканы фермерлер бір жағынан лизингпен алады. Бір жағынан бағасы төмен екініші жағынан лизингке алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!