Полицейлер мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден босатылуы мүмкін
Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрі мәлімдеді. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінде тәртіп сақшылары қылмыспен күресудің орнына білім ордалары мен мемлекеттік мекемелерді күзетіп жүр.
Автор: Әсел Тұмашқызы
24.05.2019
Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:
- Ауқымды шаралар кезінде полицейлер жетіспей жатады. Негізі тәртіп сақшылары адамдар көп жүретін көшелер мен қоғамдық орындарды күзетуі керек. Ал, мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігін өзге елдердегідей жеке күзет құрылымдары қамтамасыз етуі тиіс.
Егер ұсыныс іске асса, мектептердегі тәртіпті жекеменшік күзет компаниялары қадағалайды. Одан қалды Ішкі Істер министрлігі 700-ден астам мемлекеттік мекемелерді күзетуден бас тартпақ. Олардың ішінде министрліктер, әкімдіктер мен күштік құрылым нысандары бар. Қазір ішкі істер министрлігі бір полицейдің өзіне зәру. Тіпті құқық қорғаушылардың жетіспеушілігінен жеке құрылымдардан 23 мыңға жуық күзетші шақыртқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!