{metadescription}
Кандидаттар арасындағы теледебаттың қашан өтетіні белгілі болды
Кандидаттар арасындағы теледебаттың қашан өтетіні белгілі болды

Кандидаттар арасындағы теледебаттың қашан өтетіні белгілі болды

29-шы мамырда президенттікке кандидаттар арасында теледебат өтеді. Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Телесайыс мемлекеттік арналардың бірінде көрсетіледі.

Ләззат Сүлеймен, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Пікірталасты өткізуге техникалық мүмкіндігі бар, ауқымы үлкен телеарнаны сұрап едік, мнистрлік тарапынан «Хабар» агенттігі ұсынылды. Екіншіден пікірсайысты өткізуге 41 миллион теңге қаражат қарастырылып отыр.

Ал теледебат тікелей эфирде бола ма немесе алдын-ала жазылып алына ма бұл жағын телеарнаның өзі шешеді. Орталық сайлау комиссиясы пікірсайыстың 80 минуттан кем болмауын ғана қадағалайды. Теледебат 3 кезеңнен тұрады. Кандидаттар алдымен өз бағдарламасын таныстырып, еліміздің экономикалық дамуы жайында өз ойларымен бөліседі. Кейін сұрақ-жауап форматына өтеді. Сонымен қатар «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» тақырыбында пікір алмаспақ. Кейін жүргізушілер әр үміткерге бір сұрақтан қояды. Соңғы кезеңде кандидаттар сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде