Мемлекеттік компаниялар құруға уақытша тыйым салынды
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компанияларды құруға мораторий жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін Ақордада өткен инвесторлар кеңесінде айтты.
Автор: Досжан Маратұлы
24.05.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Үкіметке қыркүйек айына дейін мемлекеттік компаниялардың жұмысына ревизия жүргізуді тапсырамын. Сөйтіп, олардың санын қысқарту жөнінде ұсыныс күтемін. Сондай-ақ, бұдан былай жаңа компаниялардың құрылуына мораторий жариялаймын.
Ал, қазіргі таңда елімізде жүздеген мелекеттік компания бар. Көбі, түрлі министрлік пен Ұлттық компанияларға қарайды. Енді мұндай еншілес мекемелердің азаюы бәсекелестікті арттырып, бизнестің дамуына сеп болмақ. Әрі Тоқаев, кәсіпкерлерді қолдау үшін алдағы 3 жылда 500 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаржы әсіресе, жеңіл өнеркәсіпті жетілдіруге жұмсалуы тиіс. Сондай-ақ, монополияға қарсы күресті күшейтуге көбірек көңіл бөлу керек деді президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!