Ұлттық тестілеу орталығының басшысы екі айға қамауға алынды
Мектеп түлектері емтихан тапсырар алдында Ұлттық тестілеу орталығы үлкен жемқорлық дауына қалды. Білім және ғылым министрілігіне қарасты орталықтың бұрынғы бас директоры пара ретінде шетелдің су жаңа қымбат көлігін алған деген күдікке ілінді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
24.05.2019
Арман Бердалин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:
- Білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялар мүддесін қорғап, сол үшін 9 миллионнан астам теңге құрайтын «Тойота-Камри» маркалы жаңа автокөлігін пара ретінде алды және қамауға алынды.
Қымбат көлік мінген басшы Ұлттық тестілеу орталығын 2010-2016 жылдары аралығында басқарған. Одан кейін тағайындалғаны да ұзақ тұрақтамады. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро орталықтың қазіргі бас директоры Рамазан Әлімқұловты сот шешімімен екі айға қамауға алды. Тергеу мәліметтеріне қарағанда ол 2017-2018 жылдары делдал арқылы жүйелі түрде пара алып отырған. Айта кетейік, дауға қалған орталық түлектерді тестілеуден өткізіп мұғалімдердің біліктілігін анықтау үшін олардан сынақ алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!