Аманкелді Таспиховтың жақтастары марафон өткізді
«Кәсіподақтардың күші - бірлікте»! Сыр өңірінде Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасын насихаттау мақсатында арнайы марафон өтті. Шараны ұйымдастырушы аумақтық кәсіподақ өкілдері.
Автор: Әсем Қабылбек
27.05.2019
Жалпы Қызылорда облысында түрлі сала бойынша 1017 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Президенттіке канидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды үгіт-насихаты басталғаннан бері әр аймақта 20-ға жуық жуық іс-шара өткен. Бүгін марафон басталмас бұрын Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері жиналған жұртқа кәсіподақтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша айтып берді.
Серік Сермағамбетов, Қызылорда облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:
- Негізінен сайлауға қатысуымыздың себебі, мақсат біріншіден өзіміздің кандидаттың мүддесін қорғап жүргендерін білдіріп жатсақ, екіншіден әр кәсіподақтың мүшесі әрбір ұйым өздерінің талаптарын ұсыныстарын осы кандидат арқылы білдіруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!