{metadescription}
Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығын дамытудың жолдарын айтты
Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығын дамытудың жолдарын айтты

Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығын дамытудың жолдарын айтты

Президент сайлауына «Ауыл» партиясының атынан сынға түсетін Төлеутай Рақымбектов Батыс Қазақстан облысында жүр. Кандидат аймақтағы шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысып, сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

Ауыл шаруашылығы - экономиканы алға сүйрейтін басты сектордың бірі. Оның үстіне еліміздегі 7 миллион тұрғын ауылдарда тұрады. Төлеутай Рақымбеков батысқазақстандық шаруалармен аталған саладағы өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарын тыңдады. Теректі ауданындағы жұртшылықтың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған Төлеутай Рақымбеков оларға жағдай жасауға уәде етті.

Төлеутай Рақымбеков, Президенттікке кандидат:

- Ол жол мәселесі, ол ауызсу мәселесі, ол электр қуаты мәселесі. Ол мектеп пен ауруханалар мәселесі ауылдық жерде. Енді жергілікті тұрғындар сенімді ауыл, ауыл шаруашылығы дамиды. Егер де ауыл шаруашылығы дамитын болса ауыл гүлденетін болса, жалпы Қазақстан гүлденеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде