Тоқаевтың жақтастары Түркістанда болды
Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірлеу керек. Ол аймақтардың дамуына тың серпін бере алады. Бұл жайлы түркістандықтармен кездескен Тоқаевтың жақтастары мәлімдеді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
27.05.2019
Ал киелі өңірдің жастары Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтындарын айтты. Өйткені кандидаттың сайлауалды бағдарламасында жастардың білім алуы мен жұмысқа тұруына бар жағдай жасалатыны жазылған. Әсіресе, аймақтарды дамыту бағдарламасы жұртқа ерекше үміт сыйлап отыр.
Мархабат Байғұт, Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының мүшесі:
- Қазақта Қасым ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы деген қасиетті ұғым бар. Нұрсұлтаннның нұрлы жолын сабақтастықпен, әділдікпен, өрлеумен жалғастырып, Қасым-Жомарттың Жомарт жолына ұластыратына сенімдіміз. Алға Қазақстан!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!