{metadescription}
Павлодарда жалға берілген пәтерлердің бағасы қымбаттап шыға келді
Павлодарда жалға берілген пәтерлердің бағасы қымбаттап шыға келді

Павлодарда жалға берілген пәтерлердің бағасы қымбаттап шыға келді

Аяқ астынан мемлекеттен берілген үй бағасының мұншама өсіп кеткеніне мүгедектер мен көпбалалы отбасылар түсінбей дал. Мемлекеттен берілген баспаналарына жалдау ақысын еселеп төлеуге бұлардың жағдайы жоқ. Сөйтсе, жұртты дүрліктірген қымбатшылық әу баста әкімдік қызметкерлерінің жіберген қателігінен кейін пайда болыпты.  

Тұрғындар күтпеген қымбатшылықтың қайдан келгенін түсіне алмай әлек. Мемлекеттен алған пәтерлеріне төленетін жалдау ақысын олар енді екі есе көп төлеуге тиіс. Мына көпқабатты үйде жалғызбасты, көпбалалы аналар, мүгедектер мен ардагерлер тұрады. Сондықтан олар ондай қаражатты тауып бере алмаймыз деп отыр.

Гүлсім Кенжетаева, бірінші топтағы мүгедек:

- Бұл пәтерді біз 15 жыл күттік. Енді мына жаңалық біз үшін төбемізден жәй түсіргендей болып отыр. Тұрмысы төмен, жағдайы жоқ отбасыларға берілген үй емес пе? Мемлекеттен ешқандай көмек жоқ, зейнетақымыз қайда жетеді? Жоқ болмайды олай, аяғымыз жеткен жерге шағымданамыз.

Тұрғындардың бірі Анна Шолота екі бөлмелі пәтерге айына 6 мың теңге төлеп келген. Енді он екі мың теңге болыпты. Оның үстіне коммуналдық қызмет пен күнкөрісі тағы бар. Жалғызбасты әйел 4 бала тәрбиелеп отыр. Сондықтан оның айлық табысынан бір тиын артылмайды екен. 

Анна Шолота, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Күніміз не болмақ. Балаларым бақшаға барады, колледжде оқиды. Оларды қалай асыраймын? Жалғыз менің табысым қайда жетеді?

Тұрғындар пәтерді жалға беру туралы жасалған келісімшартқа қосымша келісім жасаудан үзілді кесілді бас тартпақ. Оларға бұл пәтерлер «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттен берілген. Ал келісім шартта оның бағасы өзгеріп тұрады деген мүлдем жоқ. Осы жағдайды қала әкімдігінің қызметкерлеріне қойғанымызда олар айды аспаннан бір ақ шығарды.

Ерік Слан, Павлодар қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің меңгерушісі:

- Үйлер берілгенде жалдау ақысын есептеуде мамандар қате жіберген. Бағаны мүлдем төмен есептеген. Сол қателіктері үшін олар тәртіптік жауапқа тартылды.

Қаржы мамандарынан қателігінен жұрт пәтерлерді су тегін алды. Енді баға қайта есептеліп, қателік түзелді, - дейді шенеуніктер. Мұны естіген тұрғындар не болса да, енді әкімдікпен қайта келісім шарт жасамайтындарын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.