{metadescription}
Түркістан облысында кәсіпкердің үйін тонамақ болғандар оңбай таяқ жеді
Түркістан облысында кәсіпкердің үйін тонамақ болғандар оңбай таяқ жеді

Түркістан облысында кәсіпкердің үйін тонамақ болғандар оңбай таяқ жеді

Қарақшылар қашып кеткенімен, құтылмады! Түркістан облысында мұздай қаруланып, кәсіпкердің үйін тонамақ пиғылмен келгендер оңбай таяқ жеп қана қоймай, істі де болып жатыр. Ұсталған 5 азаматтың барлығы дерлік бұрын қарақшылық әрекеті үшін сотталып шыққандар екен. Ал көлік саймандарын сатумен айналысатын саудагердің отбасы солардың шабуылынан кейін әлі өздеріне келе алар емес.

Қарақшылық шабуыл Сайрам ауданына қарасты Ақсуабад ауылындағы мына үйде болған. Көлік саймандарын сатумен айналысатын кәсіпкердің үйіне түнделетіп бетін жасырған 5 адам келеді. Екеуі сыртта қалып, үшеуі шарбақтан қарғып түсіп, ішке кіреді. Олардың бірден үйге кірмей, аула ішінде жағдайды бақылап жүргені, мына камераға түсіп қалған. Сонан соң терезе арқылы үйге кіріп, әуелі кәсіпкердің 18 және 9 жастағы балаларын бас салыпты.

Пахлаван Османов, жәбірленуші:

- Мені байлап тастады. Жанымдағы інім шошып оянды. Сосын маған оқталды. Қолында автомат, бетінде бетперде болды. Қимылдасаң атып өлтіремін деп айтты. Інімнің мойнынан қысып, оған да оқталған сияқты.

Кішкентай ұлы соққыдан шыңғырған соң әкесі келіп, қарақшылармен төбелесе кетеді. Бетперде киген үшеу кәсіпкерге әлі жетпей, үлкен ұлы қолын шешіп әкесіне көмекке келген соң, тіпті, қашып құтылыпты.

Нулифар Рүстемова, жәбірленуші:

- Автоматын оқтап, атпақшы болды. Сонда іштен байым шығып, ұстап қалды. Кішкентай баламды да атпақшы болып мылтығын оқтап тұрды. Бала-шағам түнімен ұйықтамайды.

Өзлері тонауға келіп, өздері әрең қашып құтылған күдіктілер арада үш күн өткенде қолға түсті. Арнайы жасақ олардың екеуін моншада отырған жерінен, біреуін көшеден, тағы екеуін үйінде ұстаған.

Қайрат Дәлбеков, Түркістан облыстық ПД басшысы:

- Қылмыстық топ 5 адамнан құралған. 5-дің төртеуі бұрын сотты болған. Бәрі осы оңтүстіктің тумалары. Жастары 83 пен 90-шы жыл арасында.

Оларды ұстай сала арнайы брифинг өткізген генерал-майор күдіктілердің қаруын да үстел үстіне жайып салды. Қолға түскендер кінәсін толық мойындапты.

Оңай олжаға қарық боламыз деп, қолына кісен салынғандардың, тонауға тапсырыс берген серіктестері болуы мүмкін. Оны тергеушілер анықтап жатыр. Ал қарулы шабуылға ұшырап, шошып қалған кәсіпкердің отбасына арнаулы психологиялық көмек қажет сияқты. Қазір оларға тек көрші-қолаңы ғана моральдық жәрдем көрсетіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде