{metadescription}
Каспий жағалауында авторалли өтіп жатыр
Каспий жағалауында авторалли өтіп жатыр

Каспий жағалауында авторалли өтіп жатыр

Құмда жүйіткуден алдына жан салмайтын қыз-жігіттер Ақтауға жиналды. Өйткені мұнда автошабандоздардың дүниежүзілік додасы басталды. Катар мен Араб Әмірліктерінің шексіз-шетсіз шөлдерін артта қалдырған спортшылар енді ралли-рейдтің ақтық сайысына шыққан.   

Каспийдің жағалауы әдеттегіден халыққа толы. Кілең джип тізгіндеген қыз-жігіттер. Бәрі де иық тіресе жарысқалы отыр. Қайсы болса да, кіл мықты көліктерді тізгіндеген. Автоспорттың кілең аузымен құс тістеген дүлдүлдері келіпті. Олар құм мен тау-тасты бағындыруға соңғы әзірліктерін пысықтап жатыр. Әбден жетілдірілген көліктер бір апта бойы Маңғыстаудың аса қауіпті жолдарымен жүреді. Дүниежүзілік авторалли жарысында елдің намысын ақтаулық «Мотор спорт» командасы қорғауда. Жігіттер былтыр жүлдені қолдан жіберіп алған. Ал биыл сайыстан құр қол қайтпаймыз деп отыр.

Кирилл Черненков, «Ақтау мотор спорт» экипажының пилоты:

- Былтыр біз айыппұл арқалап қалған едік. Соның әсері ме, мәреге соңғы боп жеттік. Бірақ төрт кезеңде де бірінші болдық. Бұл жолы қателік жібермейміз. Жеңіске жетеміз деген ойдамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде