{metadescription}
Қараханиттер дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды
Қараханиттер дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды

Қараханиттер дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды

Тараздың тасын түртсең, тарихы төгіледі. Әулиета өңірінен Қараханиттер дәуіріне тиесілі көне жәдігерлер табылды. 11-12 ғасырларға тиесілі бұйымдарды қаладағы көшелердің біріне газ құбырларын тарту кезінде құрылысшылар анықтаған.

Алайда олар құнды олжаны көре тұра ешкімге тіс жармастан жұмыстарын жалғастыра берген. Бұл жаңалықты кездейсоқ естіген археологтар көне жәдігерлерді жағаласып жүріп қазып әкетіпті. Бас-аяғы онға жуық экспонатты жинап үлгерген. Олар: құмыра, ас ішетін үстел және ыдыс-аяқтар. Тарихшылардың мәліметінше, шашылған бұйымдарға қарағанда бұл жер асхананың орны. Көне жәдігерлердің түсі сақталғанымен көбі бөлшектеліп қалған. Қазір оларға реставрация жасалып жатыр.

Жамал Ақпан, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері:

- Бұл жәдігерлер табылған уақытта олар оны қайтып көмбекші болған. Бірақ біздің мекеме қызметкерлерінің дер кезінде қимылдауының арқасында жәдігерлер музейге алып әкелінді. Демек сол жерлерде әлі де археологиялық қазба жұмыстары болу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде