Сәдібек Түгел ұлттық өнерді дәріптеуді мектеп бағдарламасына енгізбек
Жезқазғанда Президенттікке кандидат Сәдібек Түгелді қолдауға арналған концерт өтті. Онда үміткердің сенімді өкілдері жиналған қауымға сайлауалды бағдарламаны таныстырды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.05.2019
Ән мен күй – қазақтың баға жетпес қазынасы. Мақтан етер мол мұрасы. Музыка зерттеушілері елімізде 5 мыңнан аса күй мен 12 мыңға жуық дәстүрлі ән бар деп отыр. Сәдібек Түгел ұлттық өнерді дәріптеуді мектеп бағдарламасына енгізіп, тіпті бірінші сыныптан бастап оқыту керек дейді. Бұл ұсынысты жергілікті өнерпаздар қолдап отыр.
Ардақ Мұқыш, дәстүрлі әнші:
- Ұлттық құндылықтар дегеніміз мынау ән өнері, оның ішінде күй, дәстүрлі ән, кешегі Біржан сал әннің туын тіккен, Ақан сері, Үкілі Ыбырай бұл ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қала беретін дүние. Бала мектептен осы ұлттық құндылықтарды мектептен оқыса жаман болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!