Таспихов жалақыны көтеруге ұсыныс жасады
Еңбекақы жайы реттелмей, елдің әл-ауқаты түзелмейді. Яғни әрбір жұмысшының жүктемесіне қарай лайықты жалақы төленуі тиіс.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.05.2019
Президенттіке кандидат Амангелді Таспихов осыған қатысты келеңсіздіктермен күресуге күш салмақ. Ол үшін әрбір кәсіпорында кәсіподақтың салалық ұйымдары құрылуы қажет. Нәтижесінде жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қатынасты жақсартуға септігі тиеді. Бұл өз кезегінде жалақы мәселесін де реттемек.
Біржан Нұрымбетов, кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Біз кәсіподақ сол жалақыны арттыруды өзіміздің алдамызға мақсат етіп қойып жүрміз. Себебі төменгі жалақы өскен сайын жоғарғы жалақы да өседі. Мысалы біздің бюджеттік салада базалық қызметттік еңбекақы деген түсінік бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!