Еспаева кәсіпкерлердің тендерге қатысуын жеңілдетпек
Президент сайлауына «Ақ жол» партиясының атынан сынға түсетін Дәния Еспаева Петропавлдағы машина жасау зауытын аралады. Ол үгіт-насихат жұмысы барысында нысанның тыныс-тіршілігімен танысты.
Автор: Салтанат Шырынхан
28.05.2019
Петропавл ауыр машина жасау зауыты мұнай-газ, химия, энергетика сияқты өнеркәсіп салаларына арналған қондырғылар мен жабдықтар шығарады. Нысанның қазіргі уақытта 100-ден аса өнім түрін дайындауға мүмкіндігі бар. 2020 жылға дейін кәсіпорынның материалдық техникалық базасы толықтай жаңартылмақ.
Дәния Еспаева, Президенттікке кандидат:
- Бұл үлкен мекеме шешілмеген мәселелері де бар. Бұл біріншіден сатып алу дейміз. Бұл зауыт шетелден келген компаниялардың тендеріне қатысады. Бірақ та тендерге қатысқанда шетелдік компаниялардың талабымен қатысады. Меніңше шетелдік компаниялар мен мемлекеттіктің талаптары бір-бірімен сәйкес келу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!